ҚТФ баспасөз қызметі хабарлағандай, ширек финалда Тимофей Скатов ресейлік Иван Гаховқа қарсы ойнайды.
Тағы бір қазақстандық Бейбіт Жұқаев Францияның Лилль қаласында өтіп жатқан «Челленджерде» Аустралия өкілі Макс Перселге 6:7 (1:7), 6:2, 6:7 (5:7) есебімен жол берді.
Дәл сол турнирде Михаил Кукушкин бірінші айналымда француздық алаң қожайыны Кенни де Схеппермен кездесіп, 2:6, 3:6 есебімен жеңілді.