Елорда • 30 Наурыз, 2023

Астанадағы су тапшылығы мәселесі қашан шешіледі?

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы су тапшылығы мәселесі қашан шешілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадағы су тапшылығы мәселесі қашан шешіледі?

«Қаланың өсу қарқыны, әсіресе, соңғы 2-3 жылда айтарлықтай күрделі болып отыр. Қала тұрғындарының саны, әсіресе құрылыс кезеңінде, 1,5 миллион адамға жетеді, 1,3 миллионы қалада ресми тіркелген, жыл сайынғы өсім - 70-80 мың, демек, инженерлік инфрақұрылым да тұрақтамайды», деп түсіндірді әкім кәсіпкерлермен кездесуден кейін.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, үшінші сорғы-сүзгі стансасының құрылысы тамыз айында толығымен аяқталады.

«Бірінші кезең мамыр айының соңы - маусым айының басында аяқталады. Біз қаланы қосымша сағатына шамамен 100 мың текше метр сумен қамтамасыз етеміз. Қазір тапшылық шамамен 30 мың текше метрді құрайды. Сондықтан бұл станция бізге су тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Алдағы бірнеше жылда біз осыған ұқсас төртінші станцияның құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз», деді ол.

Еске салайық, 28 наурызда елордада су қысымы әлсірейтіні туралы белгілі болды. Астаналықтарға суды ұтымды пайдалану ұсынылды. «Астана су арнасы» баспасөз қызметі түсіндіргендей, қала тұрғындарының өсуі мен елорданың қарқынды дамуына байланысты ауыз су өндіруге арналған жобалық қуаттардың тапшылығы байқалады.