Аймақтар • 30 Наурыз, 2023

Ғаппар Сарсенбаев Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәрсенбаев Ғаппар Амантайұлы Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғаппар Сарсенбаев Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды

Бүгін VIII шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының бірінші сессиясының отырысы өтті. Күн тәртібіне сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатын құру, сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының төрағасын сайлау, сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және төрағаларын сайлау, Түркістан қалалық мәслихатында депутаттық фракцияны тіркеу мәселелері қойылды.

«Amanat» партиясының Түркістан қалалық филиалы Саяси кеңес Бюросының шешімінің негізінде берілген ұсыныс бойынша ашық дауысқа салу арқылы Сарсенбаев Ғаппар Амантайұлы мәслихат төрағасы болып сайланды.

Сондай-ақ сессияда экономикалық бюджет әлеуметтік даму, өнеркәсіп, және кәсіпкерлік; Әкімшілік аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдык қызмет, депутаттық өкілдік және этика; Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, жастар ісі, туризм және спорт; Табиғатты қорғау, экологиялық мәселелер, құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиялардың құрамы бекітілді.