Сенат • 31 Наурыз, 2023

Комитеттің көшпелі отырысы

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «Мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы жаңалықтар» тақырыбы бойынша көшпелі отырыс өткізді.

Комитеттің көшпелі отырысы

Мемлекеттік қызмет саласын­дағы заңнаманы одан әрі жетіл­дірудің өзекті мәселелерін талқылау – кездесудің басты мақсаты болды.

«Агенттік Мемлекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес мем­лекеттік қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған бір­қатар жобаларды жүзеге асырып келеді. Олардың бәрі біздің мем­лекетіміздің игілігі үшін жұ­мыс істейді деп сенім артамыз.  Сонымен қатар біздің комитет мүшелері зерттеуді және заң­на­малық тұрғыдан бекітуді талап етуі ықтимал бірқатар мәсе­лені көтеріп отыр», деді Сенат комитетінің басшысы Андрей Лукин.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазық­баев сенаторларға мемлекеттік қызметті бюрократиядан арылту, цифрландыру, мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілерді жою және одан «кету» тәртібін оңайлату жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Сенаторлар кездесуді қоры­тын­дылай келіп, бірқатар ұсы­нысын айтты. Онда өңір­лердегі белсенді және талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында «Өңірлік кадр резерві» жобасының сапалы іске асуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты тәртібінің сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі Агенттіктің өкілеттігін іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдау да бар.