Теннис • 31 Наурыз, 2023

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің жартылай финалында сәтті ойнады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің жартылай финалында ойнап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің жартылай финалында сәтті ойнады

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен шеберлік байқасты.

Өткен жылы қарсыластар Майами мен Гвадалахара-2 жарысында кездесіп, екеуінде де америкалық теннисші 6:3, 6:4 және 2:6, 6:3, 7:6 (10:8) есебімен жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы Д.Пегула бірден брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Елена таразы басын теңестірді – 2:2. Бірақ америкалық теннисші қайта алға кетті – 4:2. Ол сетке доп бергенде, есеп қайта теңесті – 5:5. Рыбакина сол бойда өз геймін беріп қойғанымен, қайыра брейк жасады – 6:6. Тай-брейкте есеп 2:2 болған мезетте жаңбыр жауып кетті. Үзілістен кейін тай-брейкте Елена сәттірек ойнады – 7:6 (7:3). Бұдан соң жаңбырға байланысты матч кейінге қалдырылды.

Екінші жартылай финалда әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова мен рейтингте 74-орында тұрған румыниялық Сорана Кырстя ойнайды.