Саясат • 31 Наурыз, 2023

Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы қайта сайланды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы қызметіне Сембіғали Закенов қайта сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы қайта сайланды

30 наурызда Ақтау қалалық мәслихаты 8-шақырылымның бірінші сессиясын өткізді.

Ақтау қаласы мәслихатының құрамында 20 депутат бар. Сессияға олардың 18-і қатысты. Депутаттық құрамда әр сала өкілі бар. Атап айтқанда, кәсіпкер, құрылысшы, мұғалім, дәрігер, журналист, спортшы.

Сессияның алғашқы отырысында халық қалаулылары қалалық сайлау комиссиясы төрағасының қолынан депутаттық куәліктер мен төсбелгілерін алды. Сондай-ақ отырыста осы шақырылымның төрағасын да сайлады. Бұл жолы да депутаттар таңдауы Сембіғали Закеновке түсті. Жаңа хатшы сенім білдірген әріптестеріне алғыс айтып, біріге жұмыс істеуге шақырды.

«Депутаттың негізгі мақсаты - билік пен қоғам арасындағы әріптестікті нығайту. Әр түрлі жағдайды басымыздан кешеміз. Өзім елдің болашағы дұрыс болса екен деп ойлаймын. Сол себепті біз де соған атсалысамыз. Әр түрлі алып-қашпа әңгімеге ерудің қажеті жоқ. Осы әріптестікті елге болсын деген ниет, тілектерімізді қабыл қылса екен», деді Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы Сембіғали Закенов.

Қалалық депуттардың ең жасы 28-де. Ол - құрылысшы, кәсіпкер Сұңғат Қанаев. Қала құрылысына үлес қосып жүрген жас жігіт енді Ақтау жастарының әлеуметтік мәселерін шешуге күш салмақ.