Саясат • 31 Наурыз, 2023

Раушан Қапарова Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазған қалалық мәслихаты VIIІ шақырылымының І кезектен тыс сессиясында жаңадан сайланған депутаттар таныстырылып, төсбелгілер табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Раушан Қапарова Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды

Жезқазған қалалық мәслихатына 13 сайлау округі бойынша 13 депутат сайланып, мандат алды. Жаңадан сайланған депутаттар:

1. Есен Үсен Бекболатұлы

2. Мүсилов Мейрам Мұханбедиұлы

3. Қапарова Раушан Онғанысқызы

4. Рахай Нұрдәулет Құрманқұлұлы

5. Өмірбеков Ринат Қайратұлы

6. Шаяхметов Мұрагер Ерланұлы

7. Рүстемов Әмір Әлмұханұлы

8. Нұрмағанбетов Едіге  Төлегенұлы

9. Рымбаева Роза Жиханкерқызы

10. Есжанова Мейрамгүл Тоқсейітқызы

11. Шлехт Александр Владимирович

12. Ибадатова Тұрсынай Шахмұратқызы 

13. Әлсейітов Әнуарбек Мұратұлы

Сессияға қала әкімінің міндетін атқарушы Ербол Құсайынов та қатысып, депутаттар жұмысына сәттілік тіледі және ел үмітін ақтап, халыққа қызмет ете берулеріне тілектестік білдірді.

Жиын барысындағы екінші мәселе – мәслихат төрағасын сайлау. Бұл лауазымға Раушан Қапарова ұсынылды. Дауыс беру нәтижесінде залда отырған 12 депутаттың 11-і ұсынылған үміткерді қолдап, дауыс берді. Нәтижесінде, Раушан Қапарова Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды.