Экономика • 31 Наурыз, 2023

АШМ Қазақстанға бидайды автокөлікпен әкелуге тыйым салуды жоспарлап отыр

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АШМ контрабандамен күресу үшін тұқымдық бидайдан басқа бидайды 6 ай мерзімге автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына  әкелуге тыйым салуды енгізуге бастамашылық жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

АШМ Қазақстанға бидайды автокөлікпен әкелуге тыйым салуды жоспарлап отыр

Тиісті нормативтік-құқықтық актінің жобасы жария талқыланып жатыр.

Бұл бастама соңғы бірнеше жылда бидайдың заңсыз әкелінуінен зардап шеккен қазақстандық астық пен ұн нарығындағы ағымдағы жағдайға байланысты туындады.

Салалық қауымдастықтардың деректері бойынша  «сұр» импорттың көлемі жылына 1,5-2 млн тоннаға жетеді, ал мемлекетке келтірілген жалпы шығын жыл сайын 500 млн доллар мөлшерінде бағаланады. 

Нарық қатысушыларынан алынған ақпаратқа сәйкес, контрабандалық астықтың қомақты үлесі автокөлікпен импортталады. Әкелінген бидай ҚҚС төлемей шаруа қожалықтарына және жасырын кері экспорт түрінде рәсімделеді, транзиттік тариф төлемей Ауғанстан мен Орталық Азия елдеріне жіберіледі. Бұл ретте ішкі нарықта бағаның төмендеуі байқалады. Мысалы, 2022 жылдың шілде айының басынан бастап бидайдың құны тоннасына 170-185 мың теңгеден 80-85 мың теңгеге дейін төмендеді.