![Астананың сауда орталығында эскалатор құлап, 3 адам зардап шекті](/media/2023/04/01/e2835ee8-8e0a-41c9-98e5-962f6d374833.jpeg)
Төтенше жағдай кезінде эскалатор үстінде жиырмаға жуық адам болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, эскалатор 3-қабаттан 2-қабатқа құлаған. Оқиға кезінде эскалаторда 20-ға жуық адам болған. Апат салдарынан екі ересек адам мен бір бала жеңіл жарақат алған. Оларды жедел жәрдем қызметі тексеріп жатыр», деп хабарлады ТЖМ-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Ресми мәліметке сәйкес, дәрігерлердің қарауынан кейін тұрғындар үйлеріне жіберілді.