Теннис • 02 Сәуір, 2023

Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің финалында жеңілді

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің финалында жеңілді

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен кездесті.

Қарсыластар осыған дейін екі мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 4:4 болған сәтте чехиялық теннисші брейк жасап кеткенімен, Елена сол бойда таразы басын теңестірді – 5:5. Аса тартысты өткен тай-брейкте ол бес сет-пойнтты пайдалана алмады – 6:7 (14:16). 1  сағат 6 минутқа созылған бірінші сеттің өзінде Е.Рыбакина 10 эйс жасап үлгерді.

Екінші сетте П.Квитова брейкпен алға озды – 2:0. Ақыры ол доданы тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Осылайша, Елена Рыбакина Майами мастерс жарысының финалына жетіп, жеңіліс тапты.

1 сағат 42 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 12 эйс жасап, 2 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 5 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.