«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметі хабарлағандай, З.Ыдырысов ат снарядында 14.066 балмен үздік үштікке ілікті.
Аталған жарыста армениялық спортшылар алға озды. Гамлет Манукян (14.633) чемпион атанса, Мамикон Хачатурян (14.100) күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетсек, бұл – Қазақстан спортшыларының гимнастика тарихында жасөспірімдер арасында әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.
Антальядағы әлем біріншілігі бүгін, 2 сәуірде аяқталады.