Аймақтар • 03 Сәуір, 2023

Ақмола облысында ұрланған көліктерді сатқан топ ұсталды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында бір топ тұлға ұрланған көлік құралдарын тіркеу және сатумен айналысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында ұрланған көліктерді сатқан топ ұсталды

ҚМА облыстық департаменті 2020-2021 жылдар аралығында Ресей Федерациясынан Қазақстанға заңсыз жолмен көлік құралдарын әкелген азаматтардың әрекетін әшкереледі.

«Аталған тұлғалар алдын ала келісім бойынша іздеудегі көліктерді Ресей Федерациясының аумағында сатып алып, кейіннен оларға жалған құжаттар жасалып, соның негізінде шекарадан іс жүзінде өтпей Қазақстан аумағында тіркеген. Құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірін алған соң, шекарадан өтіп, сатып отырған», деп жазылған хабарламада. 

Сот үкімімен үш азамат 8, 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды (үкім заңды күшіне енген жоқ).