Қоғам • 03 Сәуір, 2023

Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

1364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 2023 жылдың 3 сәуіріндегі сотқа келмеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

Осыған байланысты Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

2022 жылдың 13 мамырында Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді. Бас прокуратураның хабарлауынша, Алматы облысы ПД бұрынғы басшысына «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» деген айып тағылды. 

28 ақпанда прокурор Алматы облыстық полициясының бұрынғы басшысы Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарынан бері Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды. 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылған.