Азаматтық авиация комитеті қолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін азаматтық авиация субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
«Осылайша, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жерүсті қызмет көрсету қызметтерінің (жұмыстарының) сапасын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда 2021 жылы инспекциялық тексеру қорытындылары бойынша анықталған ескертулерді орындау және жою бойынша Атырау әуежайына жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізілді», делінген Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қорытынды тексеру барысында жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететін бұзушылықтар, атап айтқанда, жолаушылар лифтінің болмауы, жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін шарттардың заңнамалық талаптарға сәйкес келмеуі анықталды, сондай-ақ 2021-2022 жылдарға арналған түзету іс-қимылдары жоспарының орындалмау фактісі анықталды.