Тағайындау • 03 Сәуір, 2023

Мұрат Нұртілеу жаңа қызметке тағайындалды

629 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұрат Нұртілеу жаңа қызметке тағайындалды

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында туған.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.

1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.

1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы атташесі.

2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2007 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.

2007 жылы – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.

2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы.

2011 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2011 жылы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.

2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2022 жылғы қаңтар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.