Тағайындау • 03 Сәуір, 2023

Роман Скляр Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінде қалды

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Роман Скляр Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінде қалды

Роман Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «Экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.

1989–1990 жж. «Казпромтехмонтаж» шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.

1990 ж. бастап «Вахинвест» бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері болған.

1990–1999 жж. «Ансат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметтерін атқарды. 

1999–2002 жж. «Тыныс» ЖШС директоры болды.

2002–2003 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы болған.

2003–2005 жж. Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.

2005 жылдың қантар айынан бастап Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды.

2005 ж. сәуірден бастап Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы.  

2006 ж. бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

2006–2007 жж. Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.

2007–2008 жж. Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2008–2010 жж. Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2010–2011 жж. Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2011–2013 жж. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.

2014–2016 жж. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті.  

2016 ж. Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2016 ж. мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

2016–2019 жж. - Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалған.

2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.