Қоғам • 03 Сәуір, 2023

Қазақстанда екі баласын сатқан шетелдік ұсталды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Қанат Нұрмағамбетов 3 сәуірде ведомствода өткен брифингте Орал қаласында екі баласын сатқан Қарақалпақстан азаматы ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда екі баласын сатқан шетелдік ұсталды

Ведомство басшысының айтуынша, Қарақалпақстан азаматы туған балаларын сатқаны үшін ұсталған.

«Қарақалпақстан Республикасының 31 жастағы азаматы Орал қаласында бала саудасымен айынылсқаны үшін ұсталды. Жас әйел 2018 және 2019 жылы туған балаларын сатқаны анықталды. Бірінші факт 2018 жылдың маусымында тіркелді, ол кезде әйел жаңа туған баласын Атырау облысында тұратын ерлі-зайыптыларға заңсыз асыратып жібермек болған. Екінші факт 2022 жылдың желтоқсанында болған. Ол кезде шетелдік әйел үш жасар қызын Орал қаласында тұратын ерлі-зайыптыларға 1 миллион теңгеге сатпақ болған жағдай тіркелген», деді Қанат Нұрмағамбетова.

Басқарма басшысы бұл фактілердің ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы - Кәмелетке толмағандар саудасы бойынша тіркеуге алынғанын айта кетті.

Сондай-ақ 2023 жылдың ақпан айында Алматыда тағы бір ата-ана жаңа туған қызын 2 миллион теңгеге сатпақ болған.