Пікір • 03 Сәуір, 2023

Басты ұстанымымыз – ашықтық

156 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біз, «Respubliсa» партиясының өкілдері, бизнеске қолайлы жағдай туғызу, кәсіпкерлер үшін кедергілерді жою, әлеуметтік саланы, жаңа жұмыс орындарын, өмір сүру сапасын қалыптастыру мен дамыту мәселелерімен айналысамыз. Әрине, егер жаңа Үкімет бизнесті қолдаса, бұл мәселелердің басым бөлігі өз шешімін табады.

Басты ұстанымымыз – ашықтық

Бір ғана қарапайым мысал. Біздің партияның екі депутаты еліміздің үздік кәсіпорындарында 10 мыңнан аса жұмыс орнын жасақтады, үлкен ұжым құрды. Егер Үкіметпен жұмыс дұрыс жолға қойылса, тағы қанша жұмыс орны құрылатынын және еңбек жағдайы жақсаратынын елестетіп көріңіздерші. Бұл тек шешім қабылдау жылдамдығы туралы ғана емес, сонымен қатар депутаттар тарапынан бақылау туралы пікіріміз.

Мемлекет басшысы әрқашан ықпал­ды Парламент пен есеп беретін Үкі­мет­­тің рөлін ерекше атап өтеді. Мәжі­ліс­тің өкілеттігі заңдарды әзір­леу­мен шектелмейді, енді біз өз кезегі­мізде оларды қабылдаумен де айна­лы­сатын боламыз. Президент өз сөзінде бізге Мәжіліс пен министр­лер кабинетінен жаңа серпін күтіп тұрға­нын жеткізді. Біз министрлерді мақұлдауды немесе отставкаға жіберу­ді ғана емес, бүкіл елдің игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуді айтып отырмыз. Үкімет пен Мәжілістің өзара іс-қимылы жоспарларды бірлесіп әзірлеу, олардың орындалуын бақылау тұрғысынан да өзгеше болуға тиіс.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірінші сессиясында өзекті күн тәртібін айқындап берді. Енді біздің нақты міндетіміз – туындайтын мәселелерді барынша жедел шешу, министрлер кабинетінен дәл осылай талап ету және халық пен мемлекеттің мүдделері әрқашан бірінші орынға қойылатынына көз жеткізу. Біздің партия әрқашан заң шығару үдерісін де, барлық мәселе бойын­ша біздің ұстанымымызды да жедел және ашық жариялайтынын баса айтамын.

 

Динара ШҮКІЖАНОВА,

«Respubliсa» партиясының өкілі