
«Наурыз ҰБТ-сы 10-31 наурыз аралығында өтті. Жалпы, наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 111 мыңға жуық адам қатысты, өткен жылмен салыстырғанда 8 мыңға артық. Әдеттегідей, тестіленушілердің ең көп таңдаған комбинациялары - «Математика-Физика» (19%) және «Биология-Химия» (19%). IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа «Математика-Информатика» комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 11%-ы тапсырған. Тестілеу штатты режимде өтті», деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.