Қоғам • 04 Сәуір, 2023

Кепілге босатылған Тараз ЖЭО экс-директорына іздеу жарияланды

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кепілге босатылған Бақберген Мәуленовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кепілге босатылған Тараз ЖЭО экс-директорына іздеу жарияланды

Тараз ЖЭО экс-директорына қатысты істі Экономикалық тергеу қызметінің орталық аппаратының қызметкерлері жүргізіп жатыр.

2021 жылдың жазында «Таразэнергоорталық» АҚ директоры Бақберген Мәуленов пен оның ұлы, «Expo energy KZ» ЖШС директоры Рахат Бүлдеш Тараз ЖЭО-ға бөлінген 2,2 млрд теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынған. Әкесі мен баласы жалған келісімшарттар жасап, жымқырған ақшаны компаниялардың есепшоттарына түсіріп отырған. Сонымен қатар бұл іске қатысы бар деген күдікке ілінген тағы бірнеше адам тергелген.

ЖЭО-ның бұрынғы басшысы бір жарым жылдан астам уақыт тергеу изоляторында болған. Кейін айыпталушы тараптың өтініші қанағаттандырылып, ол кепілге босатылған еді.