Тағайындау • 04 Сәуір, 2023

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі лауазымын сақтап қалды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі лауазымын сақтап қалды

Асхат Раздықұлы Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмамдаған.

Әр жылдары Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген.

2014-2016 ж.ж. – «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 ж.ж. – Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а.

2017-2018 ж.ж. – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ басшысы.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры.

2018-2019 ж.ж. – Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.

2019-2020 ж.ж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 ж.ж. – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі.

2021 - 2022 ж.ж.– Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

2022 - 2023 ж.ж. -  AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.

2023 жылдың 4 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды.