Саясат • 04 Сәуір, 2023

Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрі лауазымына қайта тағайындалды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрі лауазымына қайта тағайындалды

Ажар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері» мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін «МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.

1994 жылдан 1999 жылға дейін — Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі, дəрігер-инфекционисті.

1999-2001 жылдары — Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

2001-2005 жылдары — Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2005-2006 жылдары — Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2008-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.

2017 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2020-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі.

2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.