Саясат • 04 Сәуір, 2023

Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымында қалды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымында қалды

1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Ыстанбұл университетін бітірген.

Тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі.

Еңбек жолын 2000 жылы Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің аға ғылыми қызметкері болып бастаған. Аталған университетте жетекші ғылыми қызметкер, аппарат басшысы, тарих кафедрасының меңгерушісі болып еңбек еткен.

2005-2006 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер болып қызмет еткен.

2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Президенттік Мәдениет орталығы директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

2007 жылы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалған.

2008-2012 жылдары Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде сарапшы, Президенттің Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, Президенттің Баспасөз хатшысының орынбасары болған.

2012-2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

2014 жылы Халықаралық Түркі академиясының президенті болып тағайындалған.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

2016 жылдың шілдесінен бастап - 02.09.2022 дейін «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның Басқарма төрағасы.

2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.