Инфографика • 04 Сәуір, 2023

Қазақстанда ішкі туристер саны бойынша рекорд тіркелді

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ішкі туристер саны бойынша рекорд жаңартылды. 2022 жылғы көрсеткіштерге қарағанда ішкі туристердің саны 8,6 млн адамға жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 млн адамға көп, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ішкі туристер саны бойынша рекорд тіркелді

Сондай-ақ елімізде демалыс орындарының саны бірнеше жүзге артқаны да қуантарлық жайт. Мәселен, былтыр туристерді орналастыруға арналған 284 жаңа орын тіркелген, еліміз бойынша олардың жалпы саны 4 мыңға жетті. Ал бір мезгілдегі сыйымдылық 10 мың бірлікке артып, 203 мыңнан астам төсек-орынды құрады.  

«Бізге шетелдік қонақтарды тартумен қатар ішкі туризм көрсеткіштері де маңызды. Мысалы, елімізде бір жылдан астам уақыт бойы Kids go Free бағдарламасы жұмыс істейді, соның арқасында балаларға Қазақстан бойынша тегін ұшақ билеттері ұсынылады. Сондай-ақ ел ішінде саяхаттайтын азаматтар үшін туристік кэшбек енгізу жоспарланып отыр. Біз қазірдің өзінде бар дестинациялар мен ішкі туризмге деген қызығушылықты арттыру бағытында жұмысты жалғастырамыз», деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.  

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елімізде туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың бірнеше құралы іске қосылған болатын. Олардың ішінде - туристік нысандарды салуға және қажетті жабдықтарды сатып алуға жұмсалған бизнестің шығындарын ішінара өтеу шаралары бар.