Қоғам • 04 Сәуір, 2023

Балық аулауға барған екі адам көлге батып кетті

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылының екі тұрғыны Балқаш көліне балық аулауға барып, батып кетті,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Балық аулауға барған екі адам көлге батып кетті

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, олардың қайықпен көлікке барып, үйіне оралмағаны туралы хабар 31 наурызда түскен. Арызданушылардың айтуынша, екі ер адам бір күн бұрын кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті Приозерск қалалық құтқару бөлімшесінің күштері жіберілді. Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар да тартылды. Жағалау аймағы зерттелді. Құтқарушылар суға сүңгу жұмыстарын жүргізді.

Төтенше жағдайлар департаменті жедел-іздестіру тобы жағалаудан 2 шақырымдай жерден 1965 және 1988 жылы туған екі ер адамның мәйітін тапты.

Өлімнің мән-жайын полиция анықтап жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.