«Самұрық-Қазына» қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, Диана Айдарқызы 2016 жылдан 2023 жылға дейін «PSA» ЖШС-де мұнай-газ операциялары шоттарына ревизия жүргізу департаментінің директоры қызметін атқарып келді.
Әр жылдары «KMG Drilling&Services» ЖШС қаржы директоры, бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінде энергетика саласындағы жобалардың үйлестірушісі лауазымдарында еңбек еткен.