Синоптиктердің болжамына қарағанда, Ақтөбе облысында тұман болады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнайды.
Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні - 23 м/с.
Шымкентте кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.