Оқиға • 06 Сәуір, 2023

Тик Токта танымал болу үшін көпірден секірген

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадағы көпірден секіріп кеткен адамды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тик Токта танымал болу үшін көпірден секірген

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Түркістан облысының полицейлері жас жігіттің досымен бәстесіп, көпірден секіріп кеткен бейнежазбасын анықтады.

Оқиға 1 сәуірге қараған түні Сайрам ауданы Ақсукент маңындағы Ақсу өзенінде болған. Сайрам АПБ-ның қызметкерлері жастардың кім екенін анықтады.

Жігіттердің бірі видеоға түсірсе, екіншісі көпірден секірген. Олардың ауыл тұрғындары екені белгілі болды. Екі жігіт видеоны ақша алу үшін емес, әзіл үшін, содан кейін Tik Tok желісіне орналастыру мақсатында түсіргенін айтты.

Суға секірген жігіт жарақаттанбаған және оның денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген. Олар істеріне өкінетінін айтып, бұдан былай мұндай асығыс, әрі өмірге қауіп төндіретін әрекеттерді жасамауға уәде берді.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары оларға профилактикалық түсіндірме шараларын жүргізді.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10