Білім • 06 Сәуір, 2023

Өндірістен келген педагогтердің жалақысына үстемеақы қосылады

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдан бастап кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар өндірістен тартылған педагогтерге аттестаттаудан өтпей «педагог-модератор»  біліктілік санаты беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz  Оқу ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Өндірістен келген педагогтердің жалақысына үстемеақы қосылады

Сондай-ақ оларға жалақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Ал еңбек өтілі 10 жылдан асатын болса, 35% үстемеақы төленіп, сарапшы санаты беріледі.

«Колледждерде алғаш рет педагогикалық қызметке кіріскен және кемінде 2 жыл өндірістік өтілі бар мамандар тестілеуден өтпей-ақ «педагог» біліктілік санатын ала алады. Сонымен қатар өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары аттестаттаудан өту кезінде тестілеуден босатылады, тек қызмет нәтижелерінің жалпы кешенді тексеруінен өтеді. Бұл өзгерістер колледж педагогтерін ынталандырады және кадр даярлау сапасын арттырады», деді Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісов.