Қоғам • 06 Сәуір, 2023

Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты сот үкімі шықты

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың екі ұлына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты сот үкімі шықты

Тараз қаласының №2 сотында «Адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену» бойынша 4 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Ерлан Күлекеев және кәсіпкерлер Елжан Елібай, Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық (депутат Жигули Дайрабаевтың ұлдары) субсидиялау қағидаларын бұзып, мемлекетке 550 849 430 теңге көлемінде шығын келтірген. Олар субсиядалардан алған ақшаның жартысын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Алайда сотта олар өз кінәсін мойындамаған.

Сот үкімі бойынша басқарма басшысының орынбасары болған Ерлан Күлекеев 6 жылға бас бостандығы мен өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды. 

Ал Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалықтың мүлкі тәркіленіп, кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық лауазымды атқару құқығынан және 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Оларға пробациялық бақылау қойылады.