Қоғам • 07 Сәуір, 2023

Баспасөзге жазылуды өзімізден бастайық – Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы

550 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Шымкент қалалық білім бас­қар­масының басшысы Жанат Тәжиева жуырда әлеу­мет­тік желі арқылы әріп­тес­те­рін, яғни білім саласы­ның қыз­меткерлерін газет-жур­налдарға жазылуға шақырды.

Баспасөзге жазылуды өзімізден бастайық – Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы

«Жазылуға мәжбүрлеуге болмайды» деген қисынсыз тыйым мен газетке жазылуға қарсы әсіре науқаншылық әдейі ойластырылғандай көрінетін бүгінде бұл бастама елді елең еткізіп, ой салып отыр.

яар

«Сіздермен бүгін көптен бері жадымда жүрген өзекті ойымды бөліскенді жөн көріп отырмын. Қазіргі таңда ғаламторға шырмалған жастың да, кәрінің де рухани ой-санасының әлсіреп бара жатқандығын көріп келеміз. Қазір кез келген жастағы адам қалаған бейнежазбасына, түрлі медиа-өнімге қол жеткізе алады. Бірақ ой таразысына салып, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс, қайсысы шындық екендігін ажырату қиынға соғып тұр.

Ғаламтордан күнделікті естіп, біліп, көріп, оқып жатқан жаңа­лық­тардың арасында тексеріл­меген, шындыққа жанаспайтын ақпараттар да баршылық. Ғалам­тордың пайдалы тұсын алып, ке­рексіз жағы­на шектеу қой­ға­нымыз дұрыс шығар. Сон­дық­тан да, бұл ғалам­тор­дың торлаған қауіпті бұлтынан арылу үшін Сіздерді газет-жур­нал­­ға жазылуға, яғни рухани азық алуға шақырамын. Газет-жур­нал өмірдің нағыз айнасы. Он­да жазылған әрбір жаңалық, мақа­ла, сараптама қаншама жауапты ма­манның тексерісінен өтіп, өңде­ліп, бүтін­деліп, сараланып ба­­рып жарияланады. Сондықтан га­зет-жур­налдың ғаламторға қара­ған­да салмағы басым», дейді әлеуметтік желідегі жазбасында Жанат Тәжиева.

Иә, газеттер ақпарат та тара­тады, сараптамалар да жасайды.­ Негізгі мәселені сараптап, тү­сін­діріп, сарабдал дүниелер бере­тін де – газет-журналдар. Ұлт­тық идеологиямыз ұлттық бас­пасөзбен таралады, тағаны бе­киді. Кез келген дәстүрлі ақпарат құра­лының, соның ішінде бас­па­сөздің қоғамға, бұқараға берері қи­сапсыз мол екені талас тудырмас­. Әдетте тасқа ба­сыл­ған сөздің маңызы мол бо­ла­­­тынын ғылым дәлелдеген. Тәр­­­биелік мәні тұрғыдан келсек,­ ұстаздар және ата-ана жана­шыр­лық танытпаса, балалар ба­­сы­лымға ешқашан жазыла­ ­алмайды. Бүгін газет-журнал оқы­­маған бала ертең кітап бетін­ ашпайтын дүмше болып өседі. Халықтың рухания­тын кө­те­ру, мемлекеттің саясатын қол­дау­, ұрпақтың бойына тәлім-тәр­биені сіңіруде де газеттің алатын­ орны ерекше. Қазіргі кезде ұс­таз­дардың бәрі басылымдарды үз­бей оқиды десек өтірік болар. Оны­мен тұрмай, соңғы жылдары «мәжбүрлемеңдер» деген­ бір сөзбен-ақ жазылымның жолы­ кесіліп, мектеп, білім беру мекемелерінің есігі журналистер үшін алынбас қамалға айналғаны да жасырын емес. Баспасөзге жазылудың кері әсерін айтушы ұстаздар мен ата-аналар да көп. Олар балалардың сөздік қоры нашарлап кеткенін айтуда. Бала атаулы бірден үлкен кітап­тарды оқуды бастап кетпейді. Газет-журналдағы шағын шы­ғар­­­­­ма­­лар арқылы кітап оқуға бе­­йім­­деледі. Мектепте журнал оқу­ға, кітап оқу­ға әдеттенбеген бала ертеңгі күні­ қағазды қолына алмайты­н «бітеулердің» қатарын мо­лайтады. «Мәжбүрлеуге бол­майды» дегенді елдегі бі­лім бөлімдері мен мектеп­ директорларының қатаң атқаруға кіріс­кені де өкінішті. Көпке топы­­рақ шашпаймыз, көзі ашық,­ көкірегі ояу мұғалімдер аз­ емес. Мерзімді басылымдарды,­ әде­би­ кітаптарды көп оқитын мұға­лім­дердің сөздік қоры мол, шешен бола­тыны мәлім. Сабақты да жақ­сы түсіндіреді, оқушымен де тез ­­тіл табыса алады. Мақтаулы шә­кір­ттері көп ұстаз да солар. Көпшілік газет, кітап оқитын мұғалім елден ерек, парасатты, өзіндік ойы, көзқарасы бар, пайымы бөлек болатынын айтып та жүр. Өйткені көп оқыған адамның ой-өрісі де кең болады. Қай қоғамда да газет-жур­­налдың орны мен маңызы ерекше. Басылым беттерінде қа­ра­­пайым халықтың да, дә­рі­гердің де, мұғалімнің де мә­се­лесі қозғалады. Сөйте тұра мұға­лім­дерге «газетке жазылмасын» деу үл­кен әбестік. Бұл ойларымызды мұ­ғалімдердің ортасында жүрген Жанат Тәжиева ханым да растайды.

– Бұрын әрбір отбасы­ аудан­д­ық,­ облыстық, республикалық дең­­гейдегі түрлі газет-журналдар­ды­­ оқуға асығатын. Бұл газет-жур­­­­­налдардағы материалдар ақыл­­-ой мен парасатқа негізделіп жазы­­латын. Көп оқитын ұлтқа айна­­ламыз десек, өзімізден, балала­рымыздан бастауымыз керек.­ Балаларымыздың уақытын ғалам­­тордағы әр­түр­лі қулық-сұм­дықты көруге құртқанша, бір­­ауық кітап, газет-журналға кө­ңіл бөлуін қа­да­ғалайық. Бала­ла­рымыз зерделі, парасатты,­ иман­ды, салиқалы, білімді болсын­ десек, қо­ға­­мы­мызды түзеуде елеу­лі рөл атқа­ратын газет-жур­­налдарымыздың мәртебесін кө­терейік. Дана хал­қымыз «Жақсының аты өлмейді, ғалым­ның­­ хаты өлмейді» деген ғой. Газе­т-журналда жа­рия­ланған мақа­­лалардың арасында ел жадын­да сақ­талғандары қан­ша­ма?! Одан қалса, жәдігер бо­лып мұрағаттарда тұрады. Әр отбасы газет-журналға жазы­лу­ды өзімізден бастайық, – дей­ді Шымкент қалалық білім бас­қар­ма­сының басшысы.

Сондай-ақ 32 жыл білім сала­сын­да, оның ішінде 18 жыл ұс­таз­­дық қызмет атқарған Жа­нат Арысбекқызы бізбен әңгі­месінде педагог мәртебесін ал­ғалы бері, яғни арнайы заң қа­былданған соң өз еркімен жа­зылатын ұстаздардың азайып,­ газет-журналдарға сұра­ныс­ төмендегенін жасырмады. ­«Әрине күштеп жаздыру дұ­рыс емес, бірақ Президентіміз ұста­­з­­дар қауымының айлық-жала­­қысын жоғары деңгейге көтер­ген бүгінгі жағдайда халық­пен жұмыс істейтін басы­лым­дарға жазылса деймін. Елі­міз­дегі жағдайды, саясатты, өзге­ріс­терді, әлеуметтік ахуалды әрбір ұстаздың біліп отыруы жұмысына оң септігін тигізері анық. Әсіресе балаларға арналған журналдарда шәкірттерінің шығармалары жарияланып, өздерінің ой-пікірлерін басылымдар арқылы білдіріп жатса нұр ұстіне нұр болар еді. Бүгінде 500-600 мың теңгеге дейін айлық алып отырған ұстаздар басылымдарға жазылуда үлгі көрсетіп, төрден табылатын газет-журналдарды қастерлеп, оның абырой-беделін асқақ­татуға өз үлесін қосады деген­ сенімдемін. Тағы бір айта кете­тін мәселе, бұрындары әр үйдің кіреберісінде пошта жәшігі бола­тын. Бүгінде олар қараусыз қал­ған, тіпті кей үйлерде жоқ та. Осы­ған да көңіл бөле бастасақ», дейді Жанат Арысбекқызы.

БАҚ – үлкен құрал, идео­ло­гия­лық қару. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы «Құрметті оқу­шылар» деген мақаласында газет­тің не үшін керектігі жөнінде 4 себепті атап айтады. Солардың екін­шісі мен үшіншісін еске сала кет­сек: «Екінші, газет – жұртқа қыз­мет ететін нәрсе, олай бола­тын мәнісі жұрттың білімді, пікір­лі, көргені көп көсемдері, оқы­ғаны көп адамдары газет­ арқы­лы халықтың алдына түсіп,­ жол көрсетіп, жөн сілтеп, бас­шы­лық айтады. Үшінші, газет­ – халыққа білім таратушы. Олай­ дейтініміз, газеттен жұрт есті­ме­генін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте білімі молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетіс­пекші». Ендеше, қалалық білім басқармасы басшысының әріп­тес­теріне, ұстаздар қауымына ар­наған үндеуі қолдау тауып, га­зет-журналдарға жазылушылар­ қа­та­ры көбейе түседі деген үміттеміз.

Айта кетелік, бүгінде Шым­кент­ қаласының мектептерінде «Оқу­ға құштар мектеп» жобасы ая­сында ұйымдастырылған іс-ша­ра­ларда оқушылар көктемгі кани­кулда оқыған кітабының қыс­қаша мазмұнын айтып,­ шығармалар желісімен кейіпкерлердің суретін салуда. Сонымен қатар сыныптас достарын кітап оқуға шақыруда.

 

ШЫМКЕНТ