Ол биыл жолаушылар сапары 8 миллионға дейін артады деп болжап отыр. Сонымен қатар бағыттардың саны 67-ге дейін ұлғаяды.
«Біз Ашхабад, Ереван, Карачи, Кутаиси, Лахор, Маскат, Каир және Сиамға жаңа рейстер болады деп жоспарлап отырмыз», деді Альп Ер Тунга Ерсой.
Ол сонымен қатар әуежайға келушілер арасында қай бағыттар көбірек болатынын айтты. Халықаралық рейстердің алғашқы бестігіне Стамбул, Дубай, Анталия, Мәскеу, Ташкент кірді.
Ішкі рейстер арасында ең танымал бағыттар: Астана, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе.