Үкімет • 07 Сәуір, 2023

Үкімет «жетілген» мұнай кен орындарының одан әрі игерілуін қолдайды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Энергетикалық кеңестің отырысында «жетілген» мұнай кен орындарын одан әрі игеру жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет «жетілген» мұнай кен орындарының одан әрі игерілуін қолдайды

Атап айтқанда, өндіріске тартылған инвестициялар көлемін ұлғайту және кен орындарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, салық салу, жұмыспен қамту, экологиялық талаптарды сақтау және басқа да бірқатар мәселе талқыланды.

Премьер-министр «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған кен орындарындағы тұрақты өндіру деңгейін және мемлекеттік бюджетке түсімдердің ұлғаюын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәсілдерді қолдады.

Сонымен қатар отырыста «Теңізшевройл» ЖШС жұмысының өзекті мәселелері қаралды.