Аталған турдағы алғашқы ойын күнін Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен Қарағандының «Шахтері» қорытындылады.
Командалар биылғы біріншілікті сәтсіз бастады.
Төрт ойыннан кейін небәрі төрт ұпай жинаған «Қайсар» тоғызыншы орында тұрса, «Шахтер» небәрі бір ұпаймен он екінші орынды місе тұтты.
Командалар бірден шабуылға көшті. Нәтижесінде 3-минутта қарағандылық клубтан Иван Свиридов есеп ашты.
Одан кейін «Қайсар» сапынан Горан Милойко 19, Әділет Кеңесбек 39-минутта екі гол соқты.
Осылайша «Қайсар» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.