Спорт • 09 Сәуір, 2023

Қазақстандық теннисшілер Хьюстондағы турнирдің финалына шыға алмады

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында АҚШ-та өтіп жатқан Хьюстон ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисшілер Хьюстондағы турнирдің финалына шыға алмады

Қазақстандық жұп жартылай финалда аустралиялық Макс Пёрселл мен Джордан Томпсонмен күш сынасты.

Екі сет те тай-брейкпен аяқталып, онда аустралиялық дуэт сәттірек ойнады – 7:6 (8:6), 7:6 (7:5).

Екі сағатқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандықтар 1 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыластары 5 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Аустралиялық жұп соңғы матчта Ұлыбритания өкілдері Джулиан Кэш  пен Энри Паттенмен бас жүлдені сарапқа салады.