Әлем • 09 Сәуір, 2023

Өзбекстанның халық әртісі Мурад Раджабов қайтыс болды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның халық әртісі Мурад Раджабов 74 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстанның халық әртісі Мурад Раджабов қайтыс болды

Әйгілі актердің қайтыс болғаны туралы  Өзбекстан кинематография агенттігі мәлімдеді.

«Өзбекстанның халық әртісі, сүйікті актеріміз Мурад Раджабов ұзаққа созылған дерттен кейін 74 жасында қайтыс болды», делінген хабарламада.

Мурад Раджабов 1949 жылы 30 мамырда Ташкентте дүниеге келген. А.Н.Островский атындағы Ташкент театр-көркемсурет институтының актерлік факультетін бітірген.