Қоғам • 09 Сәуір, 2023

Астанада жоғалған 12 жастағы бала табылды

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 2 күн бұрын жоғалып кеткен 12 жастағы оқушы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жоғалған 12 жастағы бала табылды

Айта кетейік, 7 cәуірде Икар Сейітжан үйінен Егемен Қазақстан 15 көшесіне кітап алуға кеткен. Содан кейін бала үйіне қайтып оралмаған. Оны сол күні №8 мектеп-лицейінің жанынан көргендер болған.

Балаға іздеу жариялаған астаналық клуб еріктілері оны тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.