Polisia.kz-тің хабарлауынша, Еңбекші аудандық полиция басқармасына Уәлиханов көшесіндегі «Прага» кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барған.
«Ордабасы» мен «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік болғаны анықталды.
Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.