Спорт • 09 Сәуір, 2023

«Қызылжардың» қарқыны қуантады

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбі күні футболдан ел чем­пиона­тының бесінші туры аясында өткен бес ойынды тамашаладық.

«Қызылжардың» қарқыны қуантады

Осыған дейін қатарынан төрт кездесуде жеңіске жетіп, жарыс кестесінде жеке-дара көш бастағанда көпшілік «Қызылжардың» бұл көрсеткішін «кездейсоқтық» деп топ­шылаған еді. Бірақ ондай көзқарас білдірген адамдар қатты қателескен сыңайлы. Бұл жолы да олар өздерінің мықтылығын тағы бір мойындатты. Петропавлда өткен ойында алаң иелері «Атырауды» 1:0 есебімен ұтып, басты қарсыластарынан уақыт озған сайын ұзап барады. Осы матчта­ғы жалғыз голды 65-минутта бразилиялық легионер Хосе Витор Родригес пенальтиден соқты.

Өзге бәсекелер мынадай есеппен аяқ­­талды: «Оқжетпес» – «Ақсу» 3:0, «Мақта­арал» – «Кас­пий» 3:1 және «Қайсар» – «Шах­тер» 2:1.