Әскер • 09 Сәуір, 2023

Тактикалық жаттығудың жай-жапсары

240 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы күштік құрылымдардың жұмысын тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел әрекеті және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою жөнінде тапсырма берген болатын. Соның шеңберінде Жетісудағы әскери полигонда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдарының «Бекет-2023» ведомс­тво­ар­а­лық тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті.

Тактикалық жаттығудың жай-жапсары

Оқу-жаттығудың белсенді ке­­зеңін Қорғаныс министрі, ге­нерал-полковник Руслан Жақ­сы­лық­ов, Жетісу облысының әкімі Бей­біт Исабаев, Ұлттық ұланның бас­ қолбасшысы генерал-майор Ер­кін Ботақанов және өзге де күш­т­ік құрылымдардың өкілдері бақы­лады.

Жаттығуға Десанттық-ша­буыл­дау әскерлерінің құра­ма­лары, Ұлттық ұланның, Ұлт­тық­ қауіпсіздік комитеті Шека­ра­ қызметінің, Төтенше жағ­дай­лар министрлігінің әскери бөлім­дері мен бөлімшелері, құқық­ қорғау және жергілікті атқа­ру­шы органдар тартылды. Бөлімшелер жауынгерлік мақ­саттағы аудандарға жорық жасап­, бүркемелеу, әскерлер ме­н басқару пункттерінің төзім­ді­лігін арттыру мәселелерін пысық­тады. Белсенді кезеңде елді мекенді босату бойынша оқу-жауынгерлік іс-қимылдар жүргізілді. Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес Шекара қызметінің әскери қызметшілері шекара учаскелерінің бірінен қарулы адамдар тобын байқайды. Ұтқыр топтар шартты шекара­ бұзушылардың бір бөлі­гін­ құрықтайды. Бұл кезде қал­ған­да­ры жақын маңдағы елді мекен­де­ жасырынып үлгереді. Ішкі іс­тер министрлігінің полиция депар­та­менті жергілікті атқарушы орган­дар орналастырған сұрып­тау­ пункті ауданына бейбіт тұр­ғын­дарды эвакуациялауды ұйым­дастырды. Мұқият тексеру­ден кейін эвакуацияланған адамдар­ды уақытша ұстау пунк­ті­не алып барып, ол жерде олар­ға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көр­се­ті­ліп,­ бірінші кезектегі қажетті зат­тар берілді. Десанттық-шабуыл­дау бөлімшелері артиллерия­ мен армиялық, майдандық авиа­цияның қолдауымен елді­ мекенді қоршауға алып, қар­сы­ластың атыс нүктелері мен бекі­ніс­терін жойды. Ұлттық ұлан бөлім­шелері қару-жарақты іздеу мен­ кентті тазарту тапсырмаларын­ орындады.

– Бұл оқу-жаттығулардың бір­қатар ерекшелігі бар. Оның ішін­де­ басқа да әскерлермен және әс­кери құралымдармен өзара іс-қи­мыл­да жауынгерлік міндеттерді ше­шу, әскери бөлімдердің өзін-өзі қамтамасыз ету және дер­бес­тік деңгейін тексеру, сондай-ақ­ қазіргі заманғы қарулы қақ­ты­ғыс­тардың тәжірибесін ескере­ отырып, жауынгерлік іс-қи­мыл­дарды жүргізу нысандары мен­ тәсілдерін жетілдіру бар, – деп атап өтті штаб бастығы, Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, полковник Алмас Исабеков.

Оның айтуынша, жаттығудың мақ­саты – гибридті қауіп-қатер жағ­дайында әрекет етуге, әр­түрлі прокси-күштерге қарсы тұру­ға дайындық жасау. Жалпы, жат­ты­ғуға 2000-нан астам әскери қыз­мет­ші мен мың жарымнан аса қар­у-жарақ пен әскери техника, оның ішінде армиялық, әскери-көлік­тік, майдандық авиация және­ ұшқышсыз ұшу аппараттары­ қатысты.

Іс-шара соңында Қорғаныс ми­нистрі оқу нүктелерінде болы­п, далалық басқару пунктін, тех­ни­калық және тылдық қам­та­ма­сыз етудің жай-күйін, жеке құрам­ды жоғары дәлдіктегі қару­ мен ұшқышсыз ұшу аппа­рат­­тарынан қорғау сапасын тек­сер­ді. Генерал-полковник Руслан Жақ­сы­лықов Десанттық-шабуылдау әскер­лері мен басқа да қорғаныс бөлім­ше­ле­рінің құралдары мен техникасын­ қарап шықты. Сондай-ақ минис­тр­ге жауынгерлік техникалар ле­гін шартты қарсыластық барлау­ жүргізіп, соққы беретін ұш­қыш­­сыз ұшу аппараттарынан бүр­ке­ме­леу­дің тиімді әдістері көрсетілді.

 

Жетісу облысы