Әлем • 10 Сәуір, 2023

Бразилияның 53 қаласында төтенше жағдай жарияланды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилиядағы Маранхао штатында алапат су тасқыны болып жатыр. Осыған байланысты 53 қалада төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бразилияның 53 қаласында төтенше жағдай жарияланды
Елдің Ұлттық метеорологиялық қызметі жасаған болжамға қарағанда, нөсер жауын тағы бірнеше күн бойы жаууы мүмкін.

Маранхаоның әскери құтқару департаменті хабарлағандай, су тасқынынан 36 мыңға жуық адам зардап шекті. Соның сегіз мыңы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Оған қоса табиғи апат салдарынан 6 тұрғын көз жұмды.

Апат аймағына ел президенті Лула да Силва сапар шегіп, жергілікті халықпен кездесті.