«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» №213-VII 2023 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен бірыңғай төлемді есептеу бөлігінде салық заңнамасына өзгерістер көзделген.
Резидент емес-жұмыскерлердің табысынан жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді есептеу жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Яғни, резидент емес жеке тұлғалардың табысын жұмыс беруші бірыңғай төлеммен салықтандыруға құқығы жоқ.
Енді бірыңғай төлемді бөлшек салық негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер де төлей алады.
Салық кодексіне енгізілген толықтыруларға сәйкес, уәкілетті орган (ҚР ЕХӘҚМ) бірыңғай төлемді төлеу, аудару және қайтару қағидаларына бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды төлеу, аудару және қайтару тәртібін енгізеді.
Жоғарыда аталған жаңашылдықтар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.