Өнер • 10 Сәуір, 2023

Күй аңызы: Тәттімбеттің күйі «Көкейтесті» қалай туды?

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күй тарихы қызық қой. Күйді тыңдағанымыз болмаса, шығу тарихы мен мәнін аса біле бермейміз.

Күй аңызы: Тәттімбеттің күйі «Көкейтесті» қалай туды?

Ұзақ төсек тартып, көп ауырған Тәттімбетке ел ішіндегі бір топ атқа мінерлер көңіл сұрай келіп, оның күйшілік жайын мақтасыпты. Көзі шүңірейген, тұмсығы қоңқиып етінен арылған Тәкең сүйегі асыл тұлпарлық тегіне сүйеніп, ыммен төңірегіндегілерге басын көтеруді бұйырыпты. Басын көтеріп, арқасына өбек қойылған соң домбырасын алдырып аз-кем сыйлап отырып барып, әлде не айтқысы келгендей сыңай білдіріп, домбыраны қағып-қағып жібереді… Үй іші бір мезет тына қалады. Осы алып күйші көңілімен отырғандардың көңілі тоғысып бәрі де күрең тартып жүдей қалады. Күй де ақырласты. Домбыраның ақырғы үні мен Тәттімбеттің де жүрек лүпілі үзіліп бара жатқандай, ентік аралас әлсіз дыбыспен: «бұл…, Көкей… тесті» деп әрең тіл қатады. Отырғандар да түсінгендей болады.

Айтып берген: Рауан Сақауұлы, 1989 жыл.

Күй-шежіре кітабынан