Жәдігер • 10 Сәуір, 2023

Кейкі шаңырағының кебежесі

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық музейде 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтері­лісі қаһарманы Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Халық батыры» атты көрме өтіп жатыр.

Кейкі шаңырағының кебежесі

Бұл көрмеге Қостанай облыс­тық тарихи-өлкетану музейі мен Арқалық қаласындағы Дала өл­кесі тарихы облыстық музейі және Амангелді ауданындағы ба­тыр атындағы мемориалдық мұ­ра­жайынан даңқты тұлғаның өміріне қатысты біраз жәдігер әке­лінген. Сондай құнды дүние­нің бірі – Амангелдінің сенім­ді серігі, әйгілі мерген Кейкі батыр­ әулетінің ке­бежесі. Оны Арқа­лықтағы Да­ла өлкесі тарихы облыстық му­зейіне Нұралы Ербо­сынов есімді азамат сыйға тартқан.

Кебеже – сандық секілді та­мақ сақтауға арналған жиһаз. Ол еліміздің барлық айма­­ғында кездеседі. Жасау тәсілі мен сырт­қы пішіні ұқсас. Тек олар­дың ерек­шелігін алдыңғы бетін көр­кемдеу тәсілінен байқайсыз. Ба­тыр үйінің кебежесі де тақтайдан жа­салған. Маңдайшасы мен есігі қазақы оюлармен өрнектелген. Төменгі суырманың бетіне «1916 жыл» деп жазылған.

1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азат­тық көтерілісінде Кейкі Кө­­кем­байұлы мергендер жа­са­ғын басқарып, ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Ел ішінде «Аман­гел­ді­нің көзі мерген, Кейкінің қо­лы мерген» деген сөз бар. Қос батыр­дың ерлік жолы жұрт жадынан өшкен емес.