Қоғам • 11 Сәуір, 2023

Алтай Көлгінов Астанада жиналған жаңаөзендік жұмысшылар жайлы пікір білдірді

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкімет отырысы аясында елордаға Жаңаөзеннен келген мұнайшылар төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алтай Көлгінов Астанада жиналған жаңаөзендік жұмысшылар жайлы пікір білдірді

- «ҚазМұнайГаз» еншілес компанияларының жағдайы туралы. Тендерлік процедуралар жүргізілгенін білесіздер, ал ұтылған компания мен оның жұмысшылары қазір қайта қарау (тендер қорытындысын – еск.) мәселесін көтеріп жатыр. Бірақ бәрі заң аясында шешілуі керек. Қазір Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» өкілдері келіссөздер, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», деді Көлгінов.

Вице-премьердің айтуынша, барлығы заң аясында шешілуі тиіс.

«Олар жеңілген компанияның тендерде жеңгенін қалайды. Бірақ бұл мүмкін емес. Біз мұны заң аясында жасауымыз керек. Тендерлік талаптар бар, не сотта, не заңды түрде бәрін қарастыру керек. Сондықтан жай ғана талап қою, кем дегенде, дұрыс емес. Біздің міндетіміз оларға бос жұмыс орындарын ұсыну. Мемлекеттік органдар осылай істеп жатыр», деп қосты Көлгінов.

10 сәуірде жаңаөзендік жұмысшылардың Астанаға жиналғаны хабарланды. Энергетика министрлігінің ғимараты маңында 60-70-ке жуық адам жиналды.