Әлем • 11 Сәуір, 2023

АҚШ-та белгісіз біреу мешіт имамын пышақтап кеткен

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Американың Нью-Джерси штатының мұсылман қауымының өкілдері, соның ішінде көбіне этникалық түріктер тұратын Патерсон қаласында жергілікті мешіттердің бірінде қызмет ететін имамға қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ-та белгісіз біреу мешіт имамын пышақтап кеткен

Оқиға жексенбі күні Omar Mosque мешітінде таңертеңгі намаз кезінде болған. 65 жастағы имам Сайед Әл-Нақиб сәждеге басын тигізгенде арқасына пышақ сұғылғанын байқаған.

Бейнебақылау камерасынан түсірілген кадрларда 32 жастағы шабуылдаушы Шериф Зорба намаз оқу барысында дұға етушілердің үстінен секіріп, шабуыл жасағанын көруге болады.

Алайда, өз дегеніне жеткен қаскүнем қолындағы пышағын тастамай, оны тоқтатқысы келгендерді қорқыта бастаған. Ақыр соңында ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Имам Әл-Нақиб мешітке ең жақын Әулие Джозеф ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.