Қоғам • 11 Сәуір, 2023

Зейнеткердің 2,5 млн теңгесін қолды қылған күтуші ұсталды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының 73 жастағы тұрғыны полицияға арызданған, деп хабарлады Egemen.kz.

Зейнеткердің 2,5 млн теңгесін қолды қылған күтуші ұсталды

Polisia.kz хабарлағандай, Астана қаласы Алматы аудандық ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 22 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Тергеу барысында қыздың егде жастағы әйел адамның үйінде күтуші болып жұмыс істегені белгілі болды.

Күдікті банктің мобильді қосымшасына зейнеткердің атынан кіріп, коммуналдық төлемдерді жүзеге асыру сылтауымен шотта жиналған қаражаттан 2,5 млн теңгеге жуық ақшаны ұрлап алған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ұсталған күдіктінің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.