Спорт • 11 Сәуір, 2023

Ұлттық мектеп лигасы

1145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Он спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасы өтіп жатыр. Биыл лига ойындары баскетбол, футзал, волейбол, гандбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, бес асық, асық ату, жеңіл­атлетикалық кросс спорт түрлерін қамтыды.

Ұлттық мектеп лигасы

Оқу-ағарту министрлігі Ұлт­тық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының хабарлауынша, aиналдық ойындар Астана қаласы, Алматы және Павлодар облыстарында 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар бойынша 31 наурыз бен 6 маусым ара­лығында топтастырылып өт­кізіледі.

– Лиганың алғашқы жа­рыс­та­ры елордада 9-11 сынып оқу­шы­ла­ры арасында бас­тал­ды. Жарыстар 8 мамырға дейін жалғасады. 7-8 сыныптар ара­сын­дағы Павлодар қаласында өтетін жарыстар 18 сәуір – 8 ма­мырға жоспарланған. Ал 5-6 сынып оқушылары 15 мамыр – 6 маусым аралығында Алматы облысында мықтыларды анық­тай­ды, – деді орталық директоры Сағдат Садықов.

Ұлттық мектеп лигасы аясын­да 30 жарыс бойынша респуб­ликалық кезеңге бес мың оқу­шы жолдама жеңіп алған. Мек­теп лигасының іріктеу жарыс­тары республиканың барлық айма­ғында оқу жылы­ның басынан сәуір айына дейін өтті. 2022-2023 оқу жылында мектепішілік, аудандық, қа­лалық/облыстық кезеңдерге екі миллионнан астам оқушы қатысқан.

Кеше Астана қаласының «Жастар сарайында» Ұлттық мектеп лигасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.