Президент • 12 Сәуір, 2023

Қазақстан ғылымының даму моделін түбегейлі жаңартатын уақыт келді - Президент

254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, отандық ғылым саласы Қазақстан экономикасының маңызды бөлігіне айналуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан ғылымының даму моделін түбегейлі жаңартатын уақыт келді - Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев әлем елдеріндегі ғылымға қатысты тұжырымдамалар мен олардың ғылымдағы жетістігін мысалға келтіріп, Қазақстан ғылымын ілгерлету үшін қазіргі модельге ауқымды өзгерістер енгізу қажет екеніен алға тартты.

«Ғылым саласы ұлттық экономиканы жаңғырту ісінде аса маңызды рөл атқаруға тиіс. Мысалы, Қытайда ғылымға негізделген қоғам атты партия мақұлдаған тұжырымдама бар. Яғни, Қытайда ғылымға негізделген қоғам тұжырымдамасы бар. Партия және Үкіметтің барлық маңызды шешімдері міндетті түрде ғылыми сараптамадан өтуі керек. Мұның бәрі Қазақстан ғылымының даму моделін түбегейлі жаңартатын уақыт келгенін көрсетеді.

Сондықтан Қазақстан ғылымын дамыту үлгісін түбегейлі өзгерту – аса маңызды міндет. Қажет болса, келешекте ғылыми шешімдер мен цифрландыруды негізге алатын парасатты экономика моделіне көшу керек болады. АҚШ, Қытай, Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия елдеріндегі технологиялық серпілісті бүкіл әлем біледі. Олар ғылымның ашық нарықтық үлгісіне көшкеннен кейін зор жетістікке жетті», деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ғылымның мемлекет қаржысына тәуелділігінен арылып, бизнес бағытына икемделуі қажет екенін және бұл салаға инвесторларды тартудың маңызды екенін айтты.

«Мұндай үлгінің бірқатар ерекшелігі бар. Ең алдымен, ғылымға қаржы салуға жеке инвесторларды ынталандыру керек. Технология секторы алып-сатудан гөрі пайдалы әрі өміршең бизнес екеніне кәсіпкерлердің көзін жеткізу қажет. Сонда ғана ғылым мен бизнес арасында өзара тиімді әріптестік орнайды», деді ел Президенті.