Марапат • 12 Сәуір, 2023

«Халық әртістеріне» берілетін үстемеақы екі есе артады

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағына ие мәдениет қызметкерлеріне төленетін үстемеақы мөл­шері екі есе ұлғаяды. Ен­ді бұл марапат иеле­ріне базалық лауазым­дық ең­бекақының 100% мөл­шерінде үстемеақы төле­неді. Қаулы жобасы жуырда өткен Үкімет отырысында бекітілді.

«Халық әртістеріне» берілетін үстемеақы  екі есе артады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыр­масы­мен биылдан бастап «Қазақ­станның халық әртісі» атағы қай­та берілетін болған еді. Құр­мет­ті атаққа лайық мәдениет қай­раткерлері Рес­публика күні қар­саңында марапатталады.

Айтулы марапат еліміздің театр, цирк, музыка және кино өнерін дамытуға ерекше үлес қос­қан, осыған дейін «Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген әртісі» немесе «Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері» ата­ғына ие болған мә­дениет қыз­меткерлеріне беріледі.

«Қазақстанның халық әртісі» атағын қайта тағайындау мемлекет тарапынан өнер қайрат­керлерінің еңбегін бағалауға, кәсіби қасиеттерін дамытып, жетілдіруге, кәсіби шеберлік дең­гейін арттырып, жаңа өнер туындыларын жасауға ынталандыруға ықпал етеді. Сондай-ақ жас буын­ның шығармашылық жағынан өсуіне, ұрпақтар сабақтастығына қызығушылық арттыруға үлес қосады», деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.